«Желтоқсан жаңғырығы» атты кездесу кеші » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Желтоқсан жаңғырығы» атты кездесу кеші
12
январь
2023

«Желтоқсан жаңғырығы» атты кездесу кеші

13.12 күні 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 36 жылдығына орай мектеп кітапханасында Мектеп Парламенті және Өзің -өзі басқару ұйымымен бірлесе отырып «Желтоқсан жаңғырығы» атты кездесу кешін өткізді.
Бүгінде Ақтерек орта мектебінің ұлағатты ұстаздары Буденеев Батырша ағай,Нукеева Гүлнар апай,Кожекеева Алмагүл апай қанды қақтығыста көргендері туралы жалпы, желтоқсан оқиғасының ел тәуелсіздігін жақындатуға мұрындық болғаны, кеңестік қызыл империяның іргесін шайқалтқан жалынды жастардың толқуы жайлы әңгімеледі.
Тарих бетіне өшпестей із қалдырған Желтоқсан оқиғасы ұлт­тық рухты оятып қана қоймай, КСРО атты алып империяның іргесін шайқалтып, кешегі одақтас республикалардың өз егемендігін алуына мұрындық болды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ұлт тарихында өшпес із қалдырды. Нақақтан қан тө­гіл­геніне, жазықсыз жаза кесілгеніне қа­ра­мастан, қа­зақтың бұғауға көнбейтін, әділетсіздікке төзбейтін қайсар халқымыздың ұл-қыздарының ерлігінің арқасында тәуелсіздіктің таңы атты.