Таласбек Әсемқұловтың "Бекторының қазынасы" әңгімесін талқылау отырысы өтті » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Таласбек Әсемқұловтың "Бекторының қазынасы" әңгімесін талқылау отырысы өтті
30
январь
2023

Таласбек Әсемқұловтың "Бекторының қазынасы" әңгімесін талқылау отырысы өтті

"Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына"
Әлішер Науаи
27.01 күні мектебіміздің кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кезекті кітап талқылау отырысы өтті. Бұл отырыста оқырман қауым қазақ жазушысы, кинодраматург, күйші, әдебиет және музыка сыншысы, мифология, тарих және этнография зерттеушісі, домбыра шебері, қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне тәржіме жасаған аудармашы Таласбек Әсемқұловтың "Бекторының қазынасы" әңгімесін ортаға салды.
Т.Әсемқұловтың бұл әңгімесі метапрозалық сипатта жазылған. Себебі мұндағы үш түрлі бейнеде және үш түрлі мекеншақта суреттелетін бас кейіпкер – бір ғана адам.
Автордың негізгі айтпақ ойы– кез келген жағдайда адамдық болмысты жоғалтпау, жүректі таза ұстау, қайырымды болу, төзімді болу, сабыр сақтау, сонда ғана уайымсыз-қайғысыз өмір сүресің.
Ой толғай білген қатысушыларға алғыс білдіріп, баршаңызды кітап оқуға шақырамыз!