"Бүгінгі көшбасшы-ертеңгі ұлт болашағы" атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Бүгінгі көшбасшы-ертеңгі ұлт болашағы" атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті
30
январь
2023

"Бүгінгі көшбасшы-ертеңгі ұлт болашағы" атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті

28.01 күні Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде Д.Қонаевтың 110 жылдығына орай "Бүгінгі көшбасшы-ертеңгі ұлт болашағы" атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Аудандық кезеңге 28 мектептен 56 оқушы қатысты. Мектебімізден Ізбасар Диас және Тлеужан Олжас қатысты.
Ойындар АПФ форматында және спикерлер арасында 1 ойын ЛД форматта өтті. Жас дебатерлар түрлі тақырыпта өзіндік пікірлерін жеке білдіріп, көзқарастарын сенімді қорғады. Дәлелді фактілерді келтіре отырып, ой жүйріктігін көрсетті.
Пікір-сайыстың қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, Тлеужан Олжас жоғары баллмен озат түсіп, "Үздік Спикер" номинациясына ие болды.
Оқушыларымызды жаңа жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да тек биіктерден көрінулерін тілейміз.