13.03 күні 5ә сыныбы «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты тәрбие сағатын өткізді » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 13.03 күні 5ә сыныбы «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты тәрбие сағатын өткізді
27
март
2023

13.03 күні 5ә сыныбы «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты тәрбие сағатын өткізді

Наурыз – алты ай қыс артынан жер-жаһанға жан бітіріп, тіршілік тынысын кеңітетін жарқын күн. Бұл күн – жаңарған табиғатпен бірге өміріміз, жан дүниеміз жаңғыратын күн, ой-ниетіміз бен жүрегіміз тазаратын күн. Бұл – кешірім мен түсіністіктің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі. Бұл күні табиғат пен қоғамда ұлы өзгерістер орын алып, теңдікке, жақсылыққа, жаңаруға қарай қадам жасалады.
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамына орай мектебімізде тәрбие сағаттары өткізілуде.
13.03 күні 5ә сынып оқушылары сынып жетекшісі Айжан Жанатқызымен «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты тәрбие сағатын өткізді.
Мейрам көңілі сезілген бұл шарада тұсаукесер рәсімі жүргізілді, оқушылар бар өнерлерін ортаға салды. Ақ жаулықты анамыз бата беріп, шашу шашылды.
Мектебімізде тәрбие сағаттарын өткізудегі мақсатымыз: наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.