2024 – 2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2024 – 2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау
02
апрель
2024

2024 – 2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау

2024 – 2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау.
2024 жылғы 1 сәуірден бастап «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдауды бастайды.
Бірінші сыныпқа алты жасқа толған, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылғандар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді және мектепке қабылдануға құқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушіде (мектепте).
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысанындағы № 026/у -3 нысанындағы медициналық анықтамалар "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін құжаттар қабылданады
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен 13.00-ден 14.30-ға дейін.