«Өзін-өзі басқару» ұйымының бастауымен "Есіңе мені алғайсың" атты поэзиялық байқау өткізілді » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Өзін-өзі басқару» ұйымының бастауымен "Есіңе мені алғайсың" атты поэзиялық байқау өткізілді
23
февраль
2023

«Өзін-өзі басқару» ұйымының бастауымен "Есіңе мені алғайсың" атты поэзиялық байқау өткізілді



21.02.2023жыл
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына жұрттар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай» - деп, Мұқағали атамыз айтқандай 9 ақпан ұлы тұлға, ғасыр ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, Ақтерек орта мектебіндегі «Өзін-өзі басқару» ұйымының бастауымен "Есіңе мені алғайсың" атты поэзиялық байқау өткізілді.
Байқауға 5-8 сыныптар арасынан 20 оқушы қатысы.
Оқушылардың өнерлерін тамашалаған әділқазы алқасы, өлеңді тек жатқа айту емес, сонымен қатар, оқушының образға кіре алуын, мәнерлеп оқуын бағалады. Байқау қорытындысы бойынша 7«а» сынып оқушысы Досқожа Жансұлтан «Бас жүлде» иегері атанды.
Байқау оқушыларымызды шабыттандыру мақсатында Мұқағали Мақатаевтың өз дауысымен оқылған өлеңдерімен басталды. 7«а» сынып оқушысы Абдулла Айша «Саржайлау» өлеңімен кештің сәнін келтірсе, мектебіміздің «Шабыт» театры кешімізді «Болашаққа арыз жазып кетейін» көрінісімен қорытындылады.
Бар өнерлерін ортаға салған оқушыларымызға және төрелік еткен "Заңғар" әдістемелік бірлестігіне алғысымызды білдіреміз!
Педагог-ұйымдастырушы: Байжұманова Ұ.
Мектеп Парламенті Президенті: Мұхитқызы А.