“Ана-тіршіліктің тірегі” атты мерекелік концерт » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» “Ана-тіршіліктің тірегі” атты мерекелік концерт
13
март
2023

“Ана-тіршіліктің тірегі” атты мерекелік концерт


07.03.2023 күні мектебімізде «8-наурыз» Халықаралық Әйелдер күніне орай “Ана-тіршіліктің тірегі” атты мерекелік концерт өткізілді.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Концерт басрысында 1-11 сынып оқушылары әсем әндер орындады, мың бұрала билер биледі және күлкілі мюзкл қойды. Бастауыш сынып оқушылары анаға, ұстазға деген жылы лебіздерін тақпақтар арқылы жеткізді.
8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті нәзік жандар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі сарқылмайтын шабыт сыйласын. Көктемнің өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Педагог-ұйымдастырушы: Байжұманова Ұ.
Ақтерек орта мектебінің «Өзін-өзі басқару» ұйымы