"Жамбылтану-Елтану" тақырыбында мектепішілік конференция өткізілді » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жамбылтану-Елтану" тақырыбында мектепішілік конференция өткізілді
23
февраль
2024

"Жамбылтану-Елтану" тақырыбында мектепішілік конференция өткізілді

Ақтерек орта мектебінде "Жамбылтану-Елтану" тақырыбында  Жамбыл айлығы аясында мектепішілік конференция өткізілді.Конференцияның негізгі мақсаты-Жамбыл атамыздың тарихтағы орны, тұлғасы, әдебиеттегі өнері туралы кеңінен насихаттау.Бұл шараға тарихшылар мен қазақ әдебиеті мұғалімдері, пән мұғалімдер, 9-11 сыныптың оқушылары қатысты.
   Ленинград қаласын азат етудегі Жамбыл атамыздың өлеңінің  рөлі, кейіннен берілген көше атауы үшін күрескен ауылымыздың мықты қыздарының бірі Гүлзейнеп Сәдірқызының батыл қадамы туралы тарих пәнінің мұғалімі Роза Ибрайқызы қызықты баяндап берді.
    Жамбыл атамыздың пірі "қызыл жолбарысқа "қатысты деректерді Айжан Жанатқызы әңгімелесе, қазақ тілі пәні мұғалімі Ләззат Жұмабайқызы "Айтыс және Жамбыл" тақырыбында өз баяндамасын оқыды.
Жамбыл өлеңдеріндегі патриоттық рух, атамыздың өмірбаяны турасында оқушылар да білгендерімен бөлісті.
   Конференция соңында Жамбыл ауданының қасиетті топырағын басып жүргендіктен ақынымызды ардақтап, оған тағзым жасап , үнемі жадымызда ұстау керектігі айтылды.