8ә сынып оқушылары Жамбыл атамыздың мұражайына барып қайтты » Ақтерек ауылындағы орта мектеп және Жаманты бастауыш мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 705 32 24
Есепші бөлімі:
+7 (727) 705 32 24
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2023

8ә сынып оқушылары Жамбыл атамыздың мұражайына барып қайтты

Жамбыл ауылы — бір ғасыр өмір сүріп, қазақ жырының даңқын асқақтатқан жыр алыбы Жамбылдың жаны тыныштық тапқан жер. Ақынның атымен аталған бұл ауылда дара тұлғаның құрметіне ашылған мұражай кешені бар. Бұл киелі мекенге еліміздің әр аймағы мен қатар, көрші мемлекеттерден де келіп, тірісінде-ақ аты аңызға айналған Жамбылды танып-білуге ниет білдіретіндердің қатары көп.
04.03 күні мектебіміздің 8ә сынып оқушылары Жамбыл атамыздың мұражайына барып қайтты.
Ақын өлеңдерін оқыған шәкірттердің әдебиетке қызығушылығын ояту және мемлекетіміздің тарихи-мәдени құндылықтары мен жәдігерлерін құрметтеуге баулу мақсатында жүргізілген кішірім саяхат өз жемісін береді деп үміттенеміз.
Оқушылар ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев туралы дүниеге келгеннен бастап, өмір жолы, қайраткерлігі, шынайы достары, таныстары, отбасылық өмірі, ерең еңбектері туралы терең мағынадағы ақпараттармен таныстырылды.